Қаржы пирамидасын ұйымдастырушы Түркиядан экстрадицияланды

Ол Oceans Enterprise қаржы пирамидасын ұйымдастырған
Sputnik
АЛМАТЫ, 8 қараша – Sputnik. Маңғыстау облысының тұрғындарын алдаған қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы Қазақстанға экстрадицияланды, деп хабарлады Polisia.kz.
32 жастағы күдіктіге интерпол халықаралық іздеу жариялаған. Ол Түркияда ұсталды.
"Оған облыс тұрғындарын қаржы пирамидасына тартқаны үшін іздеу жарияланды және Оceans Enterprise компаниясы атынан әрекет ететін алаяқтық топ ұйымдастырушыларының бірі болды", - деп жазды ведомство.
Алаяқтар әлеуметтік желілерде салымшыларды тарту үшін "SMART Trade Соіп" деп аталатын криптовалютаны сатып алу арқылы жылдам табыс табу мүмкіндігі туралы ақпаратты таратумен айналысқан.
"Сотқа дейінгі тергеу барысында 212 млн теңге көлемінде залал келтірілген 60-тан астам жәбірленушіден өтініш түсті. Қазақстанның Түркиядағы елшілігінің көмегімен ол Астанаға жер аударылып, келгеннен кейін қамауға алынды", - дейді ведомство.