АСТАНА, 7 қараша — Sputnik. Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов пен Біріккен ұлттар ұйымының бас хатшысы Антониу Гутерриш бейнебайланыс арқылы келіссөздер жүргізді.
"Тараптар ҰҚШҰ хатшылығы мен БҰҰ хатшылығы арасындағы өзара іс-қимылдың кең ауқымды мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, аймақтық профилактикалық іс-шаралар арқылы стратегиялық қауіпсіздік тәуекелдерін азайту бойынша келісілген халықаралық қадамдардың маңыздылығы атап өтілді", - делінген ҰҚШҰ мәлімдемесінде.
Осылайша, тараптар терроризмге, есірткі бизнесіне, трансшекаралық қылмысқа, заңсыз көші-қонға қарсы тұру, сондай-ақ бітімгершілік саласындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.
Терроризм идеологиясы мен үгіт-насихатының таралуына қарсы күрестің және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы күш-жігерді біріктірудің маңыздылығы атап өтілді.
Сондай-ақ тараптар байланыстарды жалғастыруға келісті, делінген ҰҚШҰ мәлімдемесінде.