Семей орманын белгісіз біреулер өртемек болды

Қаскүнемдер өрт қою үшін құрғақ ағаштар мен көлік доңғалақтарын үйіп қойған
Sputnik
АЛМАТЫ, 7 қараша – Sputnik. Белгісіз біреулер Семей орманын өртемек болған, деп хабарлады облыстық прокуратура.
"Семей орманы" орман шаруашылығын өртемек болды деген ақпарат әлеуметтік желіде тараған.
Семей орманын белгісіз біреулер өртемек болды
"Ақпаратты біз дереу тексердік. Факт расталды. Расымен үш жерден құрғақ ағаштар мен көлік доңғалақтарын өртеу үшін үйіп жинап қойған", - дейді облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.
Құқық қорғаушылар құрғақ үймені дереу бөлшектеп, жойып жіберген. Қазіргі күні Семей қаласының полициясы сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, күдіктілер әлі табылған жоқ. Бұл істі прокуратура тікелей назарға алған.