Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Қазір сайлау өткізетін уақыт емес – Зеленский

Украинада президент сайлауы 2024 жылы өтуі керек еді
Sputnik
АСТАНА, 7 қараша - Sputnik. Украинада президент сайлауын өткізетін уақыт әлі келген жоқ, деп мәлімдеді Украина президенті Владимир Зеленский Telegram-арнасындағы бейнеүндеуінде.
Украинада президент сайлауы 2024 жылдың наурыз айында өтуі тиіс.
"Бәріміз қазір соғыс уақыты екенін, көптеген сын-қатерлер тұрғанын және қоғамға сайлау тақырыбын шығару мүлде жауапсыздық екенін түсінеміз. Қазір сайлау өткізетін кез емес деп есептеймін", - деді Зеленский.
Оның айтуынша, "егер осы немесе басқа саяси дауға нүкте қою керек болса, онда мемлекетте қақтығыстар мен Украинаға қарсы өзгелердің ойынына орын қалмас үшін қоғамға барлық қажетті жауаптарды бере алатын құрылымдар бар".
Зеленский бұған дейін әскери жағдай кезінде сайлау өткізуге тыйым салынғанын айтқан болатын. Алайда парламент тиісті заңнамалық өзгерістерді қолдаса, Батыс ақша бөлсе, бақылаушылар "оқопта" болатын болса, мұндай мүмкіндік бар.
Зеленский 2019 жылы мемлекет басшысы болып сайланған еді. Украина президенті бес жыл мерзімге сайланады.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Зеленский мен Дуданың кездесуінің нәтижесі қандай