Үшінші тоқсанда жалақы қалай өзгерді – Ұлттық статистика бюросы

2023 жылдың 3-тоқсанында айлық жалақының орташа мәні өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 16,9%-ке өсіп, 350 542 теңгені құрады
Sputnik
АСТАНА, 6 қараша – Sputnik. Қазақстанда нақты жалақы шілде-қыркүйекте өткен тоқсанмен салыстырғанда 4,1%-ке төмендеді, оның орташа индексі 94,3% құрады, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.
Статистиктер 2022 жылдың сәйкес тоқсанымен салыстырғанда айлық жалақының орташа мәні 16,9%-ке артқанын, нақты жалақы индексі 103,5% құрағанын айтты.
"2023 жылдың 3-тоқсанында Қазақстан Республикасы бойынша айлық жалақының орташа мәні 2022 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 16,9%-ке өсіп, 350 542 теңгені құрады", - деп толықтырды ведомство.
Сонымен қатар республикадағы жалақының медиандық мәні 2023 жылғы III тоқсандағы бағалау бойынша 230 924 теңгені құрады.
Өңірлік жалақы бөлінісінде орташа айлық атаулы жалақының 2023 жылғы III тоқсандағы ең жоғары өсімі 2022 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда Жетісу облысында – 21,1%, Алматыда – 20,8%, сондай-ақ Қызылорда облысында - 20,7% болған.
Ең төменгі өсім Алматы облысында (8,5%) және Солтүстік Қазақстан облысында (11,3%) тіркелді.
Егер жалақыны салалар бойынша салыстыратын болсақ, көрсеткіш мынандай:
2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда орташа айлық жалақы ақпарат және байланыс 28,8%-ке, қаржылық және сақтандыру қызметі 24,9%-ке, өнер, ойын-сауық және демалыс 20,7%-ке, көлік және қоймалау саласында 20,3%-ке өскен.
Өнеркәсіпте орташа айлық жалақы 18,6%, денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету саласында 18,2%-ке өсті.
Орташа айлық жалақы ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы салаларында 7,6%, білім саласында 11%-ке өскен.
Бұл ретте ең жоғары номиналды жалақы тау-кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді игерусаласында тіркелді – орташа республикалық деңгейден 2,2 есежоғары, қаржы және сақтандыру қызметінде – 1,9 есе, ақпарат пен байланыс саласында – 1,5 есе, кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет саласында 1,5 есе жоғары.