Қоғам

Су ресурстары министрлігі жанынан Орталық Азия елдерімен іс-қимыл басқармасы құрылады

Министрлік жанынан екі жаңа басқарма құрылады
Sputnik
АСТАНА, 6 қараша – Sputnik. Су ресурстары және ирригация министрлігі жанынан Орталық Азия елдерімен өзара іс-қимыл басқармасы құрылады.
Су ресурстары және ирригация министрлігінің жанынан екі жаңа басқарма құрылады. Олардың бірі Орталық Азия елдерімен қарым-қатынас мәселелерімен айналысады, екіншісі ҚХР және РФ-мен өзара іс-қимылға назар аударады.
"Қазақстанда суармалы жерлердің 80%-ы оңтүстік өңірде. Сондықтан Орталық Азия елдерімен ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеру қажет. Мұндай функцияларды бөлу біздің шетелдік әріптестерімізбен өзара қарым-қатынасты нығайтуға және нақты міндеттерді шешуге шоғырлануға көмектеседі", – деді су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Орталық Азияда су тапшылығы болады – ЕАДБ