АЛМАТЫ, 6 қараша – Sputnik. Шымкентте көлік рөліне отыруға тыйым салынған 1268 адам жүргізуші куәлігін алған, деп хабарлады қалалық прокуратура.
"Олардың көпшілігі психоактивті заттарды қолдану және жүйке жүйесі аурулары бойынша диспансерлік есепте тұрады. 2022-2023 жылдары олар 1300-ден астам жол қозғалысы ережесін бұзып, 28 жол апатын жасаған. Көліктерді зақымдап, материалдық шығын келтірген", - дейді ведомство.
Олардың жүргізуші куәлігін алуы заң талаптарына қайшы келетіндіктен 37 адам бүгінгі күні сот шешімімен көлік құралын басқару құқығынан айырылды.
Қалғандарына қатысты тиісті шаралар қолданылып жатыр.