Путин Астанаға 9 қарашада келеді

Президенттер Қостанайда өтетін Қазақстан мен Ресейдің XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумына бейнебайланыс режимінде қатысады
Sputnik
АСТАНА, 6 қараша – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин 9 қарашада елордаға келеді, деп хабарлады Ақорда.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 9 қараша күні Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Астанаға ресми сапармен келеді", - деп жазылған хабарламада.

Сапар барысында екі ел басшылары келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестіктің өзекті мәселелерін талқылайды деп жоспарланып отыр.
Бұдан бөлек, президенттер Қостанайда өтетін Қазақстан мен Ресейдің XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумына бейнебайланыс режимінде қатысады.
Бұған дейін форум өткен жылдың қараша айының соңында Орынборда өткен болатын. Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге сапары барысында екі ел арасындағы ынтымақтастық жоғары деңгейде екенін атап өтті.
Экономика
Қазақстан Ресей газын тасымалдау көлемін одан әрі ұлғайтуға дайын – Тоқаев