Нетаньяху Газадағы операцияны "жеңіске жеткенге дейін" жалғастыру жоспары бар екенін айтты

Нетаньяху: Израиль Газа секторындағы операциясын жеңіске жеткенше жалғастырады
Sputnik
АСТАНА, 6 қараша - Sputnik. Израиль жеңіске жеткенге дейін Газа секторында операция жүргізеді. Бұл туралы елдің премьер-министрі Биньямин Нетаньяху әскери әуе күштері базаларының бірінде әскерилер алдында мәлімдеді.
"Сонымен қатар, біз бір нәрсені білулеріңіз керек. Кепілге алынғандар қайтарылмай, атыс тоқтатылмайды, Біз мұны жауларымыз бен достарымызға айтамыз. Оларды жеңгенше жалғастырамыз, бізде басқа таңдау жоқ. Бүгін мұны барлығы түсінеді", - деді ол.
Жұма күні ХАМАС саяси бюросының мүшесі Гази Хамад барлық кепілге алынғандарды, әскерилер мен бейбіт тұрғындарды босату үшін Израильмен тұтқындарды алмасу туралы толық ымыраға келуге дайын екенін мәлімдеді. Сонымен қатар ол қозғалыс жауынгерлері "басқыншыларға қарсы әскери операцияларды жалғастыруға" ниетті екенін атап өтті.