АЛМАТЫ, 5 қараша - Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Непал президенті Рам Чандра Пауделге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.
"Непалда болған жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және зардап шеккені туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдадым. Осындай ауыр сәтте Сізге және жақындарынан айырылған отбасыларға Қазақстан халқы мен жеке өзімнің атымнан қайғыра көңіл айтамын. Табиғи апаттан жарақат алғандардың тез арада сауығып, із-түзсіз жоғалған азаматтардың отбасыларына оралуын тілеймін", – деп жазылған жеделхатта.
Еске сала кетейік, Непалдың батыс бөлігінде сенбіге қараған түні жойқын жер сілкінісі болды. Соңғы деректер бойынша қаза тапқандар саны 150-ден асты.