АЛМАТЫ, 5 қараша - Sputnik. Жас қазақстандық әртістер Дубайда өткен Jumeirah Sounds халықаралық таланттар байқауында бірнеше санат бойынша жеңімпаз атанды, деп хабарлайды "Хабар 24".
Жарысқа әр түрлі елдерден 60-тан астам жас дарындар қатысты, соның ішінде Біріккен Араб Әмірліктері, Түркия, Қырғызстан және Үндістан жастары да бар.
"Академиялық вокал" номинациясы бойынша бас жүлдені Айымжан Жалғасбай жеңіп алды, байқаудың бас жүлдесін Күләш Байсейітова атындағы музыка мектебінің скрипкашылары иеленді.
"Мен Глазуновтың "Град" шығармасын, сондай-ақ Данклдың "Беллини тақырыбындағы вариацияларды" орындадым. Негізі скрипкада бірінші орынға ие болатыныма сенімді болдым, өйткені жақсы дайындалдым. Маған скрипка мен фортепианода ойнаған ұнайды. Жаныма рахат бір сезім сыйлайды", - дейді байқау жеңіпазы Назархан Әлиев.