Инфографика

Қазақстанда қанша ұшақ бар

Қазақстандағы әуе компанияларының қайсысында жаңа ұшақтар бар? Ал ұшақтардың орташа жасы қанша? Осы туралы толығырақ Sputnik инфографикасынан біліңіз
Sputnik
Қазақстанда 11 әуе компаниясы ұшуды жүзеге асырады және олардың иелігінде 99 ұшақ бар. Ең жаңа ұшақтар Air Astana мен оның еншілес компаниясы Qazaq air-ге тиесілі. Үшінші орында Fly Arystan лоукостеры тұр. Scat 8-ші орында, бұл компанияның иелігіндегі ұшақтардың орташа пайдаланылған уақыты 15,5 жылды құрайды.
Республикадағы әуе кемелерінің орташа пайдаланылған уақыты 11,2 жылды құрайды.
Ірі әуе компаниялары туралы ақпарат жинайтын сайт airfleets.net мәліметтері бойынша, әлемдегі ең ірі тасымалдаушылар арасында ең көне ұшақтарға Delta Airlines ие. Оның ұшақтарының орташа жасы 17 жылды құрайды. Екінші және үшінші орындарда Air Canada және United Airlines тұр, ұшақтардың орташа жасы - 14,2 және 14,1 жыл.