Оралда электр желілерінің 82%-і тозған

Sputnik
АЛМАТЫ, 5 қараша - Sputnik. Биыл Батыс Қазақстанда 2000 шақырымға жуық электр желілерін жөндеу жоспарланған, деп хабарлайды "Мой город".
Батыс Қазақстанда биыл 1932 шақырым электр желілері жөнделеді. Бұл туралы облыстық энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Мирас Мұлқай айтты. Оның айтуынша, өңірдің электр желілерінің 82%-і тозған.
"Биыл 1932 шақырым электр желілері жөнделеді деп жоспарлап отырмыз. Бұл жұмыстарға 703,7 миллион теңге бөлінді. Бірінші қарашада 602 114,18 миллионың жұмысы орындалды", - дейді Мирас Мұлқай.
Электр желілерінен бөлек Оралдағы жылу энергетика орталығы да 88%-ке тозған.