АЛМАТЫ, 5 қараша - Sputnik. АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Дональд Лу Қазақстанға тарихтағы алғашқы C5+1 президенттік саммитінің табысы туралы айту үшін келеді, деп хабарлайды АҚШ мемлекеттік департаментінің сайты.
Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі мемлекеттік хатшының көмекшісі Дональд Лу 4-11 қарашада Қазақстан, Өзбекстан және Үндістанға барады. Мемлекеттік хатшының көмекшісі қыркүйек айында БҰҰ Бас Ассамблеясында өткен C5+1 бірінші президенттік саммитінің және қазан айында C5+1 аймақтық байланыстар министрлері кездесуінің сәттілігін қамтамасыз ету үшін АҚШ-тың Орталық Азия делегациясын басқарады.
Дональд Лу Қазақстанның үкімет өкілдерімен кездесіп, АҚШ пен Қазақстанның кеңейтілген стратегиялық әріптестігі (ESPD) диалогына қатысады.
"Диалог барысында АҚШ пен Қазақстан саясат және қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты, экономикалық әріптестікті, адам құқықтарын қорғауды және адамдар арасындағы байланысты талқылайды. Сондай-ақ әйелдер мен қыздардың мүмкіндіктерін кеңейту және БАҚ бостандығын қамтамасыз ету туралы айтылады", - делінген хабарламада.
Содан кейін мемлекеттік хатшының көмекшісі Өзбекстан мен Үндістанға барады.