АСТАНА, 3 қараша – Sputnik. ЕАЭО мен ШЫҰ серіктестігі Үлкен Еуразияда "жіксіз көлік кеңістігін" қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның энергетика және инфрақұрылым жөніндегі алқасының мүшесі Арзыбек Қожашев Шанхай ынтымақтастық ұйымының көлік форумында айтты.
"ЕАЭО мен ШЫҰ ынтымақтастығы жағдайында тығыз әрі тиімді өзара іс-қимыл орнатуға болады, бұл Үлкен Еуразия шеңберінде егемендік және ұлттық мүдделерді құрметтеу қағидаттарын ескере отырып, ашық, әділ негізде "жіксіз көлік кеңістігін" кезең-кезеңмен қалыптастыруға мүмкіндік береді", - деді Арзыбек Қожашев.
Сондай-ақ ол ШЫҰ мен ЕАЭО арасында өзара тиімді серіктестік ортасын құру елдердің көлік кешендері жұмысының тиімділігін айтарлықтай арттыратынын баса айтты.
Форум аясында Арзыбек Қожашев пен ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары Сохаил Ханның жұмыс кездесуі өтті.