АСТАНА, 3 қараша – Sputnik. Қостанай облысының Қостанай ауданында полицей әйелін пышақтап өлтірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Костанайские новости порталына сілтеме жасап.
Полиция департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, полицияда жұмыс істейтін әйелдің мәйіті 1 қараша күні екеуі тұрған үйдің ауласынан табылған.
Соңғы кезде полицей ерлі-зайыптының қарым-қатынасы нашарлап, некені бұзамыз деп жүрген.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 25 жастағы ер адам ұсталды.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеушілер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Екі бала анасынан айырылды.
Ішкі істер министрлігі қылмыстық істі тергеу шараларын бақылауға алды.