АСТАНА, 3 қараша - Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Палестинаға 1 миллион доллардың гуманитарлық көмегі жіберілетінін мәлімдеді , деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Түркі мемлекеттері ұйымның саммитінде Тоқаев Израиль мен Палестина арасында қанды қақтығыс болып жатқанын, ал Газа секторында бейбіт тұрғындардың зардап шегіп жүргенін ерекше атап өтті.
"Әсіресе, балалар мен қарттар жанжал азабын шегуде. Олардың қауіпісіздігін қамтамасыз ету – басты міндет. Осы орайда Қазақстаннан Палестина халқына 1 миллион доллар көлемінде гуманитарлық көмек беру туралы мен шешім қабылдадым", - деді Тоқаев.
Мемлекет басшысы ондаған жыл бойы шешімін таппаған мәселені зорлық-зомбылық пен лаңкестік әдістер арқылы шешу мүлдем дұрыс емес екенін де айтты.