АСТАНА, 3 қараша - Sputnik. Астанаға Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев келді, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Ол бүгін өтетін Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық саммитіне қатысады.
Шавкат Мирзиёевті елорда әуежайында премьер-министр Әлихан Смайылов күтіп алды.
Саммитке Өзбекстанпрезидентімен қатар Қырғызстан, Түркия, Әзербайжан, Мажарстан және Түрікменстан басшылары қатысады.
Бұған дейін Әлихан Смайылов елорда әуежайынан Түркия басшысы Режеп Тайип Ердоған мен Қырғызстан президенті Садыр Жапаровты күтіп алған болатын.