Украинадағы антиресейлік жоба сәтсіздікке ұшырағаннан кейін, Батыс Африкадағы неоколонистік саясат күйреуінен кейін, Ресей мен оның экономикасын санкциялар енгізу арқылы шектей алмағаннан кейін, Ресейді саяси тұрғыдан оқшаулау мүмкін болмағаннан кейін еуропалықтар дәл осындай мақсатты Орталық Азияда жүзеге асыруға тырысып көрмек, деп жазды РИА Новости.
Осы мақсатта Франция президенті Макрон аталған аймақтағы елдерге сапармен барды. Айта кету керек, қазір Макронның елінде жағдай мәз емес: президентке дауыс берушілердің 70 проценті сенім білдірмейтіні белгілі болды.
Елисей сарайының иесі сәрсенбі және бейсенбі күндері Қазақстан мен Өзбекстанға сапармен келді. Жақында ғана француз баспасөзі екі мемлекетте де "құқықтар бұзылады" және "негізгі бостандықтар жоқ" деп сөгіп, оларды "автократиялық" деп атады.
Бірақ қазір бұл тұжырым өзгеріп сала берді. Макронға мыңдаған километрді еңсеріп, Азия елдеріне сапар шегуіне не себеп болды?
Бұған себеп Африкада ресурстарға қол жеткізу айтарлықтай шектелді. Содан кейін Францияны энергетикалық ресурстардан да, сирек кездесетін металдарды жеткізуден де айырған санкциялар енгізілді. Ал мұның бәрі өндіріске тап ертең аса қажет.
Осы сапарды ұйымдастырғандар уран мен сирек кездесетін кен орындары бар Қазақстан бұл жағынан Ресейді алмастыруы керек деп жоспарлады. Баспасөз ресми Астананы жан-жақты мақтап, Франция мен Еуроодақтың қалай бірлесіп әрекет ететінін сипаттады.
"Бірақ олар Ресей мен Қазақстанды атом энергетикасы саласындағы қандай қарым-қатынас байланыстыратынын білмейтін секілді. Өйткені қос мемлекеттің арасында өзара тиімді ынтымақтастық және бірлескен жұмыс бар", - деп жазды мақала авторы.
Өзбекстанда да осындай жағдай. Бірақ бұл жерде де тату көршілік және өзара мүдделерді ескеретін бірлескен жұмыс қатынастарын бұзу ниеті толығымен орындалмады.
Сонымен тап қазір Еуропаға Орталық Азия не үшін керек?
Бұл сұраққа Politico басылымы жауап берді. Басылым мақаланың тақырыбын "Макрон жаңа одақтастар мен уран іздеп Путиннің сыртқы ауласына қонды" деп жазған. Алайда Politico тілшілері Ресеймен ең ірі құрлық шекарасы арқылы байланысқан Қазақстан да, Ресеймен тату-тәтті қарым-қатынастағы Өзбекстан да ешкімнің "ауласы" емес екенін білмейтін секілді.
Бұл ел ішінде де, одан тыс та тәуелсіз саясат жүргізетін егеменді және тәуелсіз мемлекеттер. Ал Ресей ТМД болған отыз жыл бойы оларға ешқашан вассал ретінде қараған емес.
"Бұл тең және теңдеу дәрежедегі, аға серіктестер мен кіші серіктестер бар дәл еуропалық қарым-қатынас моделі. Сондықтан Макрон өзімен бірге ірі кәсіпкерлердің кез келген делегациясын ала келсе де, қандай уәделер берсе де, бірақ француздардың өздері сенбейтін Макронның сөздеріне құлақ асатындар бола қоймас. Сол себепті Еуропаның Ресейге қарсы жүргізіп жатқан соғысында жаңа одақтастар табудың кезекті әрекеті сәтсіз аяқталды деуге болады", - деп жазды автор.