АСТАНА, 2 қараша — Sputnik. Мажарстан премьер-министрі Виктор Орбан әлеуметтік желіде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге түскен фотосуретін жариялады. Фотоға Орбан қазақтың ұлттық шапанын киіп түскен.
"Қыс жақындады", - деп жазды Орбан фотосуретке.
Орбан Қазақстанға ресми сапармен келді. Бүгін министрлер кабинетінде Мажарстан басшысы Қазақстан президентімен және премьер-министр Әлихан Смайыловпен келіссөз жүргізді. Сондай-ақ Орбан Түркі мемлекеттер ұйымының мерейтойлық саммитіне қатысады деп жоспарланған.