"Газпром" мен Қазақстан стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Тараптар газ саласында ынтымақтастықты дамытуға келісті стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Sputnik
АСТАНА, 2 қараша — Sputnik. "Газпром" мен Қазақстан газды жеткізу, тасымалдау және өңдеу, сондай-ақ оны геологиялық барлау және өндіру саласындағы ынтымақтастықты дамытуға келісті, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
"Газпром" басқарма төрағасы Алексей Миллер мен ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Санкт-Петербург халықаралық газ форумы-2023 аясында кездесу өткізді.
"Алексей Миллер мен Роман Скляр стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Құжат табиғи газды жеткізу, тасымалдау және өңдеу, сондай-ақ оны геологиялық барлау және өндіру саласындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған", - делінген "Газпромның" Telegram-арнасында.
Тараптар газ саласындағы ынтымақтастықтың барысы мен келешегін талқылады, делінген хабарламада.
2023 жылдың қаңтарында "Газпром" мен Қазақстан үкіметі газ саласындағы ынтымақтастық туралы екіжақты жол картасына қол қойған болатын.
Маусым айында "Газпром" мен "QazaqGaz ұлттық компаниясы" АҚ Өзбекстандағы тұтынушылар үшін ресейлік газды Қазақстан арқылы тасымалдау туралы келісімшартқа қол қойды. Жеткізу қазан айында басталған еді.
Олар "Орта Азия – Орталық" магистральдық газ құбырлары жүйесі негізінде арнайы бөлінген маршрут бойынша кері режимде ұйымдастырылған.
31 қазан мен 3 қараша аралығында "ExpoForum" конгресс-көрме орталығында Санкт-Петербург халықаралық газ форумы өтіп жатыр.
Сәтқалиев Қазақстан арқылы Ресейден Өзбекстанға газ тасымалдау қашан басталатынын айтты