АСТАНА, 2 қараша — Sputnik. Газа секторында қаза тапқандар саны 9061-ге жетті, 32 мыңнан астам адам жараланды, деп хабарлады Al Jazeera телеарнасы.
"Газада Израиль салдарынан қаза тапқандар саны 9061 адамға жетті, олардың ішінде 3760 - балалар, 2326 – әйелдер. 32 мың адам жарақат алды", - делінген анклавтың Денсаулық сақтау министрлігі таратқан хабарламада.
Бұған дейін Израильдің Ресейдегі елшісі Александр Бен Зви БҰҰ-ның Газадағы әйелдер мен балалардың өлімі туралы мәліметтерімен келіспеген.
"Менің ойымша, қаза тапқандардың 70 пайызы әйелдер мен балалар емес. Менің ойымша, бұл сандар дұрыс емес. Бұл агенттіктердің барлығында нақты деректер жоқ. Олар бұл деректерді ХАМАС бақылайтын ХАМАС Денсаулық сақтау министрлігінен алады", - деді ол.
Оның айтуынша, Израиль бейбіт тұрғындарға соққы жасамайды, ал ХАМАС бейбіт тұрғындарды "тірі қалқан сияқты" пайдаланады және халықты қорғауға емес қарулы қимылдарға ақша жұмсайды.
Біріккен Ұлттар ұйымының Таяу Шығыс агенттігінің палестиналық босқындарға көмек көрсету жөніндегі бас комиссары (БАПОР) Филипп Лаззарини бұған дейін Газа секторында қаза тапқандардың шамамен 70%-і әйелдер мен балалар екенін айтқан.