АСТАНА, 1 қараша – Sputnik. Работино елді мекені маңындағы Орехово бағытында Украина әскерінің ротациясы бұзылды – Ресей Қарулы күштері қарсы тарапқа артиллериямен оқ жаудырды, деп хабарлады РИА Новостиге "Біз Ресеймен біргеміз" Запорожье қоғамдық қозғалысының жетекшісі Владимир Рогов.
"Работино-Вербовое учаскесінде украиналық жауынгерлерді ротациялау әрекеті тоқтатылды. Барлау қызметі броньдалған тасымалдаушы техникамен ротация жүріп жатқанын хабарлады, ал біздің жігіттер артиллериямен соққы жасады", - деді Рогов.
Оның айтуынша, қақтығыс болып жатқан бұл аумақта қарсы тарап танкісі атып түсіріліп, Украина Қарулы күштерінің бірнеше шабуылдау топтарына дрондар мен артиллерия арқылы соққы берілген.
Соңғы айлардағы Работино және Вербовая ауылдары аймағындағы жағдай Запорожье майданында ғана емес, тұтастай қақтығыс аймағындағы қызу нүктелердің бірі болып отыр.
Украина әскері Токмак қаласынажол ашу мақсатында осы учаске үшін кескілескен шайқас жүргізіп, стратегиялық резервтерді ұрысқа бағыттады, бірақ сәтті болмады.