АСТАНА, 1 қараша – Sputnik. Франция президенті Эмманюэль Макрон Қазақстанға ресми сапармен келді, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
Мәртебелі мейманды елорда әуежайында Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов қарсы алды.
© Photo : Пресс-служба премьер-министра Казахстана
Қысқаша әңгіме барысында үкімет басшысы Эмманюэль Макронның бұл сапары Астана мен Париж арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі дамытуға жаңа серпін беретініне сенім білдірді.
Еске сала кетейік, екі елдің көшбасшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмманюэль Макрон сауда-экономикалық, инвестициялық және энергетикалық ынтымақтастықты нығайту бойынша келіссөздер жүргізіп, халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі мәселелерді талқылайды.