АЛМАТЫ, 1 қараша – Sputnik. Қазір ТМД елдері Ресейге ғана үміт артып, бәрін сол істейді деп отыруға болмайды, дейді "Россия сегодня" халықаралық медиа тобының бас директоры Дмитрий Киселев.
"Өз тағдырыңыз үшін жауапкершілікті өз мойныңызға алыңыздар. Ешкім ешкімді мәжбүрлемейді, бірақ не болуы мүмкін екенін бағамдап көріңіз", - деді ол "Өзгермелі әлемдегі медианы дамыту" II форумының ашылуында.
Киселев басымдықтарды айқындау керектігін баса айтты. Ол форумға қатысушыларға маңыздысын екінші кезектегі мәселеден ажыратып, оны өз аудиториясымен ашық түрде бөлісуге кеңес берді.
Медиа форум ТМД-дағы бұқаралық ақпарат құралдары қызметінің қазіргі жай-күйі мен перспективаларын талдауға арналған.