Киселев: Ресей журналистикасы әлемдегі ең үлкен еркіндікке ие

"Россия сегодня" медиа тобының бас директоры ресейлік журналистиканы әлемдегі ең еркін деп атады
Sputnik
АСТАНА, 1 қараша – Sputnik. "Россия сегодня" медиа тобының бас директоры Дмитрий Киселев ТМД медиа форумында Ресей журналистикасы әлемдегі ең үлкен еркіндік ауқымына ие деп мәлімдеді.
"Ресей журналистикасы еркін, ол әлемдегі ең үлкен еркіндік ауқымына ие. Бір шектеу бар, Ресей армиясы туралы жалған ақпараттың қажеті жоқ, бұл біздің заманымызда толықтай түсінікті. Әріптестердің еңбегінің арқасында ресейлік қоғам тепе-теңдікте", - деген Киселевтың сөзін РИА Новости келтірді.
Дмитрий Киселев
Медиа топтың бас директорының айтуынша, Ресейдегі журналистер өздеріне сенімді, бұл – еркіндіктің кепілдігі.
"Біз не үшін күресіп жатқанымызды түсінеміз, яғни бостандық үшін. Біздің бостандығымыз бұл сіздің де бостандығыңыз. Ресей аман тұрған уақыттың бәрінде әлемдегі тепе-теңдікке, еркіндікке кепілдік береді. Бұл өз елдеріңізде өз қалауыңызша өмір сүру еркіндігі", - деді Киселев.
Пленарлық отырыстың тақырыбы – "Халықаралық журналистиканың болашағы", панельдік сессиялар медиа салада жасанды интеллектті пайдалану, Telegram арналарын жүргізудің тиімді стратегиялары және орыстілді БАҚ-ты дамытуға арналған.
2022 жылы ТМД елдерінің бірінші медиа форумына Ресейден, жақын және алыс шет мемлекеттерден 300 журналист, саясаткер және сарапшы қатысты.