Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украина әскері Шебекино қаласын атқылады

Sputnik
АСТАНА, 31 қазан – Sputnik. Украина әскерилері Ресейдің Шебекино қаласына оқ жаудырды, автокөлік кәсіпорнының ғимараты зақымданды, зардап шеккендер жоқ, деп хабарлады РИА Новости Белгород облысының губернаторы Вячеслав Гладковқа сілтеме жасап.
"Шебекино қаласының шетінде Украина Қарулы күштері оқ жаудырды. Зардап шеккендер жоқ. Снарядтар өнеркәсіптік аймақ аумағына түсіп, автокөлік кәсіпорнының ғимараты белгісіз оқ-дәрілердің сынықтарынан зақымданды", – деп жазған губернатор Telegram каналында.
Ол оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметі жұмыс істеп жатқанын атап өтті.
"Ақтауға келмейтін әрекет": Путин Газа секторындағы жағдайға қатысты пікір білдірді