Түркістан облысында 400 млн теңгенің мүлкі мемлекетке қайтарылды

Sputnik
АЛМАТЫ, 31 қазан - Sputnik. Түркістан облысы Түлкібас ауданында ауыз су және кәріз жүйелері жекеменшікке заңсыз берілген, деп хабарлайды бас прокуратураның баспасөз қызметі.
Түлкібас ауданының прокуратурасы тұрғындардың шағымынан соң тексеру жүргізген.
"Аудандық прокуратура Састөбе кентінде орналасқан жалпы құны 397,3 млн теңге болатын мемлекет теңгеріміндегі "Састөбе кентіндегі ауыз су және кәріз жүйелері" мүліктік кешені жеке жауапкершілігі шектеулі серіктестікке берілгенін анықтады. Тұрғындармен алдын ала келісім жүргізілмей, жекеменшікке заңсыз берілген ", - дейді ведомство.
Састөбе кенті әкімдігі мен "Састөбе су" ЖШС арасында жасалған "Састөбе кентіндегі ауыз су және кәріз жүйелері" мүліктік кешенін беру туралы келісімшарттың күші жойылды. Нәтижесінде жалпы құны 397,3 млн болатын ауыз су және кәріз жүйелері мемлекет теңгеріміне қайтарылды.