Маржықпаев президентке Азиада және Пара Азиада қорытындысы бойынша есеп берді

Президент саланы дамытудың жаңа тәсілдерін әзірлеу үшін сапалы әрі кезең-кезеңімен жұмыс жүргізуді тапсырды
Sputnik
АЛМАТЫ, 31 қазан - Sputnik. Мемлекет басшысы туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Ол Тоқаевқа министрліктің қазіргі қызметі мен алдағы кезеңге арналған жоспары туралы баяндады.
Маржықпаев Қытайда өткен Азия және Паразия ойындарының қорытындысы бойынша жүргізілген сараптама нәтижелері жөнінде есеп берді.
Президент саланы дамытудың жаңа тәсілдерін әзірлеу үшін сапалы әрі кезең-кезеңімен жұмыс жүргізуді тапсырды.
Сонымен қатар министрлікке қарасты салалардағы заңнамалық базаны жетілдіру, еліміздің туристік әлеуетін одан әрі дамыту жөнінде президентке баяндалды.
Кездесу соңында Тоқаев министрлікке аталған бағыттар бойынша нақты міндеттер жүктеді.