АСТАНА, 31 қазан – Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссия одаққа қатысушы мемлекеттердің қор нарықтарындағы ахуал туралы деректерді жариялады.
"2023 жылдың үшінші тоқсанында Еуразиялық экономикалық одақта (ЕАЭО) Армения мен Қазақстанның қор биржалары, оның ішінде Astana International Exchange (AIX) сауда-саттық көлемі бойынша көшбасшы болды, үшінші тоқсан қатарынан айтарлықтай өсім тіркелді", - делінген комиссия хабарламасында.
ЕЭК мәліметінше, Ресейдің қор нарығында өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда акциялар, борыштық бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары және валютамен сауда-саттық көлемі өскен.