Бас прокуратура Костенко атындағы шахтадағы апатты тергеуді бақылауға алды

Бас прокуратураның тергеушілері кеніште алғашқы тексеру жұмыстарын жүргізді
Sputnik
АСТАНА, 31 қазан – Spurnik. "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ға қарасты Костенко атындағы шахтадағы апатты тергеу жалғасып жатыр, деп хабарлады Бас прокуратура.
Жергілікті орында жұмысты Бас прокурордың бірінші орынбасары үйлестіріп жатыр.
"Ведомствоаралық жедел-тергеу тобы газ-метан қоспасының жарылу себебін анықтау мақсатында шахтаға түсіп, оқиға орнында алғашқы тексеріс жұмыстарын жүргізді", - деп жазылған хабарламада.
Ауысым қызметкерлерінен, "АМТ" Көмір департаментінің басшылары мен жауапты қызметкерлерінен жауап алынды. Бірқатар сот сараптамасы, оның ішінде жарылыс-техникалық, биологиялық, геномдық-молекулалық және т.б. тағайындалды.
"Кеншілерді еңбек қорғау бойынша материалдық қамтамасыз етудің талаптарға сәйкестігін тексеру және қорытынды беру үшін мемлекеттік аудит мамандары мен басқа да сарапшылар тартылды", - деп атап өтті қадағалау ведомствосы.
Шахтада жұмыстарды ұйымдастыруға және қауіпсіздік техникасын қамтамасыз етуге арналған құжаттамар алынып, талдануда.
Кінәлі тұлғалардың іс-әрекетіне тиісті құқықтық баға беріледі.
"АрселорМиттал Теміртау" шетелдік инвесторға берілмейді – министр