АСТАНА, 30 қазан – Sputnik. ҚХР төрағасы Си Цзиньпин президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа және Қазақстан халқына шахтадағы қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты, деп хабарлады Ақорда.
"Қазақстанның Қарағанды облысындағы шахтада болған апат салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдадым. Қытай үкіметінің және халқының, сондай-ақ өзімнің атымнан қайтыс болған азаматтардың отбасылары мен жақын туыстарына қайғырып көңіл айтамын", – деп жазылған жеделхатта.
Көңіл айту жеделхаттарын Болгария президенті Румен Радев, Армения президенті Ваагн Хачатурян, Босния және Герцеговина президиумының төрағасы Желька Цвиянович, АӨСШК Бас хатшысы Қайрат Сарыбай және басқалар жолдады.