Қазақстанның шекарасын заңсыз кесіп өткендер ұсталды

Қонақтардың" алдағы жоспары мен қылмыстың себебі тергеу барысында белгілі болады
Sputnik
АСТАНА, 30 қазан – Sputnik. Пәкістанның төрт азаматы мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту кезінде ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.
Алматы көші-қон қызметінің қызметкерлері 30 қазанда өңірдегі ҰҚКД әріптестерімен бірлесіп, Әуезов ауданында Қазақстан Республикасының шекарасын заңсыз өтіп кеткен Пәкістан Ислам Республикасының төрт азаматын ұстады.
Олар Қазақстан Қылмыстық кодексінің 392-бабында көзделген қылмысты жасаған. Қалаға келген шетелдіктердің хостелге орналасқаны анықталды. "Қонақтардың" алдағы жоспары мен қылмыстың себебі тергеу барысында белгілі болады.
Қазақстан мен Өзбекстан шекараны шегендеу шараларын аяқтады