Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Қырым мен Қара теңізде 36 дрон жойылды – Ресей қорғаныс министрлігі

Sputnik
АСТАНА, 29 қазан – Sputnik. Әуе қорғанысы күштері Қара теңізде және Қырымның солтүстік-батыс бөлігінде ұшақ үлгісіндегі украиналық 36 ұшқышсыз ұшатынаппаратты жойды, деп хабарлады Ресей қорғаныс министрлігінің Telegram каналы.
"29 қазанға қараған түні Киев режимінің Ресей Федерациясы аумағындағы нысандарға ұшақ үлгісіндегі ұшқышсыз ұшу аппараттарымен шабуыл жасау әрекетінің жолы кесілді. Әуе қорғанысының кезекші құралдарыҚара теңіздежәне Қырым түбегінің солтүстік-батыс бөлігінде Украинаның 36 ұшқышсыз ұшу аппаратын жойды", - деп жазылған хабарламада.
Украина қарулы күштері Ресеймен шекаралас аумақтарды тұрақты түрде атқылап, дрон арқылысоққы беріп келеді.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Путин Украинаның қарсы шабуылына қатысты пікір білдірді