АСТАНА, 29 қазан – Sputnik. Қарағанды, Абай және Шахтинск қалаларының ауруханаларына 28 адам жеткізілді, оның 24-і ауруханаға жатқызылды, деп хабарлады Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы.
22 кенші улы газдан уланып, біреуі көп жарақатпен, тағы біреуі пневмоторакспен ауруханада жатыр.
Жеңіл және орташа дәрежедегі улы газдан уланған 20 кенші Мақажанов атындағы көпбейінді аурухананың токсикология бөлімінде жатыр. Жағдайы тұрақты, детоксикациялық және симптоматикалық ем жүргізіліп жатыр;
Мақажанов атындағы көпбейінді аурухананың жансақтау бөлімінде көп жарақатпен бір науқас жатыр;
Тағы бір жәбірленуші Мақажанов атындағы көпбейінді аурухананың травматология бөліміне түсті, қойылған диагноз – сол жақтағы пневмоторакс, жағдайы орташа ауыр;
Екі кенші улы газдан уланып, Шахтинск орталық ауруханасының терапия бөлімінде жатыр, жағдайы орташа ауыр.
"Зардап шеккендер қабылдау-диагностикалық бөлім деңгейінде тексеріліп, амбулаториялық емделуге жіберілді. Барлық науқас қажетті диагностикалық тексеру мен манипуляциядан өтті: зертханалық зерттеулер, компьютерлік томография, УДЗ, рентгенография", - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасындағылар.