АСТАНА, 26 қазан – Sputnik. Қарағанды облысы Костенко шахтасында болған апат салдарынан қаза болғандар саны 45-ке жетті, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.
"Сағат 20.00-дегі жағдай бойынша 45 кеншінің денесі табылды, 1 кеншіні іздеу жалғасуда.Жұмыстар бір-бірінен шамамен 6 км қашықтықта орналасқан екі өндіру учаскесі ауданында жүргізілуде.Кеншілер орналасуы мүмкін ықтимал учаскелерге тау-кен құтқарушыларының өтуінің барлық мүмкін жолдары пысықталып жатыр", - делінген хабарламада.
Апаттың болжамды эпицентрін тексеру үшін министрСырым Шәріпханов шахтаға түсті. Сонымен қатар, Сырым Шәріпханов аварияны тергеу жөніндегі үкіметтік комиссия мүшелерімен отырыс өткізді.
Еске сала кетейік, "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының Костенко атындағы шахтасында 28 қазан күні сағат 02:33-те жарылыс болды. Апат кезінде 252 адам жер астында болған, оның 205-і жер бетіне шығарылды.