АСТАНА, 29 қазан – Sputnik. Қарағанды облысында шахтадағы өрттен қаза тапқандар саны 36 адамға артты, деп хабарлады "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының баспасөз қызметі.
"36 адам қаза болды, 10 кенші із-түзсіз жоғалып кетті", - делінген компанияның сайтында жарияланған хабарламада.
"АрселорМиттал Теміртау" компаниясының Костенко атындағы шахтасында 28 қазан күні сағат 02:33-те жарылыс болды. Апат кезінде 252 адам жер астында болған, оның 205-і жер бетіне шығарылды. Бұған дейін 35 адам қаза болғаны хабарланған еді.