Атырауда емхана директоры ірі көлемде ақша жымқырды деген күдікке ілінді

Сот күдіктіге "күзетпен қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын қолданды
Sputnik
АСТАНА, 29 қазан – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облыстық департаментінің мамандары қалалық №4 емхананың директорын ұстады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
Емхана басшысы аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінгені белгілі болды.
"Атыраудың мамандандырылған тергеу соты күдіктіге "күзетпен қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын қолданды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр. Тергеу мүддесіне қатысты өзге мәліметтер жария етілмейді", - деп жазылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысындағы департаменті таратқан хабарламада.
Ақмола облысында аудандық аурухананың бас дәрігері мен маманы 13 млн теңге жымқырған