АСТАНА, 28 қазан – Sputnik. Ресей қорғаныс министрлігі 28 қазанда арнайы әскери операцияның барысы туралы қысқаша мәлімет жариялады.
Купянск бағытында әскердің батыс тобының бөлімшелері авиациялық және артиллериялық атыстардың қолдауымен белсенді операциялар барысында Харьков облысының Синьковка және Луганск Халық Республикасының Надия елді мекені аудандарында Украина Қарулы күштерінің 43-ші механикаландырылған және 68-ші инспекторлық бригадаларының үш шабуылына тойтарыс берді.
Қарсыластың шығыны 50-ден астам әскери қызметкер мен үш жүк көлігін құрады.
"Центр" әскер тобының Краснолиманск бағытында армия авиациясының соққылары мен артиллериялық атыстарымен Луганск Халық Республикасының Червоная Диброва және Донецк Халық Республикасының Григоровка елді мекендері Украина Қарулы күштерінің 63-ші механикаландырылған бригадасының және Украина Ұлттық гвардиясының 15-ші полкінің шабуылдау топтарының екі шабуылына тойтарыс берілді.
Донецк бағытында оңтүстік әскер тобының бөлімшелері авиация және артиллериямен бірлесе отырып, қарсы тараптың үш шабуылына тойтарыс берді, сондай-ақ Донецк Халық Республикасының Красное, Андреевка, Курдюмовка, Клещеевка және Марьинка елді мекендері аудандарында Украина Қарулы күштерінің адам күші мен техникасын талқандады.
Оңтүстік Донецк бағытында "Восток" әскер тобының бөлімшелері армиялық авиациямен және артиллериямен бірлесе отырып, Донецк Халық Республикасының Водяное және Старомайорское елді мекендерінің ауданында Украина Қарулы күштерінің 72-ші механикаландырылған бригадасы мен 118-ші аймақтық қорғаныс бригадасының адам күші шоғырланған жерлеріне оқ жаудырды.
Запорожье бағытында ресейлік әскер тобының бөлімшелері, әуе соққылары мен артиллериялық атыспен Запорожье облысының Работино елді мекені ауданындағы Украина Қарулы күштерінің 65-ші және 118-ші механикаландырылған бригадаларының төрт шабуылына тойтарыс берді, сондай-ақ Запорожье облысы Вербовое елді мекені ауданында да қарсы тарапқа оқ жаудырды.
Херсон бағытында атыс нәтижесінде Украина Қарулы күштері 110-ға дейін әскери қызметкерін, төрт техникасын, сондай-ақ "Гиацинт" және "МСТА-Б" гаубицасын жоғалтты.
Арнайы әскери операция басталғаннан бері барлығы 517 ұшақ, 253 тікұшақ, 8348 пилотсыз ұшу аппараты, 441 зениттік зымыран кешені, 12980 танк және басқа да броньдалған жауынгерлік машина, жаппай оқ аиуға арналған реактивті жүйенің 1170 жауынгерлік машинасы, 6897 далалық артиллериялық зеңбірек пен минометтер, сондай-ақ 14720 бірлік арнайы автомобиль техникасы қиратылды.