Қоғам

Қарағандыдағы апат: шахтадан 28 кеншінің денесі табылды

Құтқарушылар он сегіз кеншіні әлі іздеп жатыр
Sputnik
АСТАНА, 28 қазан – Sputnik. Қарағандыда Костенко атындағы шахтада болған апаттан қаза тапқандар саны өсті, деп хабарлайды ТЖ министрлігі.
"Сағат 15.00-дегі жағдай бойынша 28 адамның денесі табылды, 18 кеншіні іздеу жалғасуда", - делінген хабарламада.
"АрселорМитталТеміртау" АҚ Көмір департаментінің Костенко атындағы шахтадағы авариялық-құтқару жұмыстарына "Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы" ЖШС Қарағанды филиалының тау-кен құтқарушылары жұмылдырылды.
Ақпараттық және психологиялық қолдау көрсету үшін Қарағанды қаласында (ТЖД 8-7212-51-72-23, АрселорМиттал Теміртау 8-7212-49-72-70) және Астанада (8-7172-70-41-08) "жедел желі" телефондары жұмыс істейді.
Қоғам
"АрселорМиттал Теміртау" біздің тарихымыздағы ең нашар компания болды – Тоқаев