АСТАНА, 27 қазан – Sputnik. Қазақстан мен Ресейді берік достық пен стратегиялық әріптестік байланыстырады, деді Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев Мәскеуде Республика күніне арналған салтанатты қабылдауда.
"Қазақстан үшін Ресей жай көрші ғана емес, одақтас әрі стратегиялық серіктес ел... Қазақстан мен Ресей әрқашан дос болуға тиіс", - деді Абаев.
Оның айтуынша, Қазақстанда көрші елде білім алуға деген қызығушылық жоғары – бүгінде Ресейдің жоғары оқу орындарында республиканың 60 мыңнан астам азаматы білім алып жатыр.