АЛМАТЫ, 27 қазан - Sputnik. Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев елдегі әуе отыны тапшылығы туралы сұраққа жауап берді.
Оның айтуынша, Қазақстанда әуе отынымен қамтамасыз ету бойынша мәселе туындамайды.
"Қазақстан аталмыш отынды белгілі бір елдерден импорттайды. Оның ең үлкен көлемі Ресейден келеді. Ішкі нарықтағы тапшылық шамамен 300 мың тонна, алайда бұл маусымдық тапшылық. Қытай бойынша, білуімше, бір әуе компаниясы мақсатты жеткізіп беруді ұйғарғады. Қазіргі күні келіссөздер аяқталғаны турлы менде ақпарат жоқ", - деді Сәтқалиев.