Министр АЭС құрылысы жөніндегі референдум қашан өтетіні туралы айтты

Оның айтуынша, станция құрылысын қолдайтын топ бар
Sputnik
АСТАНА, 26 қазан – Sputnik. Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев АЭС құрылысы жөніндегі референдум қашан өтетіні туралы айтты.
"Біз қоғамдық пікірді бақылап отырмыз. Сонымен қатар сарапшылар пресс-турлар ұйымдастырып жүр. Қазақстандық атом электр станцияларының, ұлттық ядролық орталықтың және өзге де институттың мамандары түрлі қалаларда тұрғындармен кездесіп түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр", - деді Сәтқалиев.
Оның айтуынша, қоғаммен жақсы диалог қалыптасқан. Тұрғындар тарапынан қызығушылық бар, деді министр.
"Біз АЭС құрылысын қолдайтын топты көріп отырмыз. Жұмыс жалғасын табады. Консультациялар нәтижесі бойынша референдумның датасы да белгілі болады деген ойдамыз. Мен оның қай күн екенін білмеймін. Жұмыстар заң аясында жүргізіліп жатыр", - деп атап өтті министр.
Оның сөзінше, техникалық, сапартамалық қамтамасыз ету бағытында министрлік барлық жұмыстарды атқарып жатыр. Ал АЭС құрылысын жүргізетін компаниялардан ұсыныс қабылдау мерзімнің аяқталуына байланысты тоқтатылды.