Алматыда Медеу-Шымбұлақ жолымен өтудің режимі белгіленді

Sputnik
АСТАНА, 27 қазан - Sputnik. Құлаған тастардың салдарын жоюға байланысты Медеу-Шымбұлақ автожолымен өтудің режимі белгіленді, деп хабарлайды Алматы қаласының әкімдігі.
"Аспалы жол іске қосылғанға дейін электромобильдер мен жаяу жүргіншілер 09.00-ге дейін, 12.00-ден 14.30-ға дейін және 18.00-ден кейін кіре алады.Аспалы жол іске қосылғаннан кейін 1 қарашадан бастап электр көліктеріне 09.00-ге дейін және 18.00-ден кейін кіруге рұқсат. 13.00-ден 14.00-ге дейін техникалық қызметтердің арнайы көлігі ғана кіре алад", - деп жазды Алматы әкімдігінен.
Қазіргі кезде студенттік соқпақ арқылы жаяу серуендеуге болады. Қозғалысты шектеудің белгіленген кестесі 1 желтоқсанға дейін жалғасады. Өзгеріс қосымша хабарланады.
25 қазаннан бастап Медеу-Шымбұлақ жолындағы құлаған тастарға қатысты жұмыстар басталды. Қазір автокөлік пен жаяу жүргіншілердің қозғалысы шектелген.