Тасмағамбетов: Еуразиядағы әскери-саяси шиеленіс үдеп жатыр

Әлемдік державалар арасында диалогтың жоқтығынан жаңа дағдарыс жағдайлары сөзсіз туындайды, деді Иманғали Тасмағамбетов
Sputnik
АСТАНА, 26 қазан – Sputnik. Өткір қақтығыстар көбінесе геосаяси текетірес құралына айналады, деді ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов.
Ол бейсенбіде "Еуразиялық қауіпсіздік: өзгермелі әлемдегі шындық пен келешек" атты жоғары деңгейдегі халықаралық конференцияда сөз сөйледі.
"Мамандар бірнеше жылдан бері Еуразиядағы әскери-саяси шиеленістің үдеп жатқанын айтуда. Мұндай стратегиялық тұрақсыздық жағдайында көптеген тыныш жатқан қақтығыстар күрт ушығып, жаңа қақтығыстар пайда болып жатыр", - деді Иманғали Тасмағамбетов.
Оның айтуынша, ҰҚШҰ бірігу принципін үнемі ұстанады.
"Жағдай барлық жаһандық және аймақтық орталықтардың, соның ішінде әскери-саяси одақтардың назарын арттыруды талап етеді", - деп атап өтті ҰҚШҰ Бас хатшысы.