Түркістан облысында мемлекеттік нөмірлерді қолдан жасаған цех анықталды

Тінту кезінде 103 нөмірлік белгіні, 100-ден астам голограммалық жапсырма және нөмір жасауға арналған арнайы станок табылды
Sputnik
АЛМАТЫ, 26 қазан – Sputnik. Түркістан облысының полицейлері мемлекеттік нөмірлерді қолдан жасаған цехты анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Самара – Шымкент тас жолында жедел уәкілдер Нива автокөлігін тоқтатқан. Тәртіп сақшыларына көліктің мемлекеттік нөмірі күмән тудырған. Полицейлер тез арада жедел әрекет етіп, көлік нөміріне қатысты жұмыстарды атқара бастайды. Кешенді арнайы жоспар құрып, жедел іздестіруге кіріседі.
"Нәтижесінде Шымкент қаласында мемлекеттік нөмірлерді қолдан жасап жатқан цехты анықтап, оның иесін ұстады. Тінту кезінде полиция қызметкерлері 103 нөмірлік белгіні, 100-ден астам голограммалық жапсырманы және нөмір жасауға арналған арнайы станокты тапты", - дейді полиция.
Қазіргі күні ҚР ҚК-нің 386-бабы 1-бөлігі "Көлік құралының сәйкестендіру нөмірін қолдан жасау, жою, көрінеу қолдан жасалған сәйкестендіру нөмірі бар көлік құралын өткізу" бойынша тергеуді бастады.
Өңірлер
Қызметтік көлікке жалған нөмір таққан полиция басшысы отставкаға кетті