АЛМАТЫ, 26 қазан – Sputnik. "Қазақмыс" кен орны "Жыланды" кенішінде 6 жұмысшы жарақат алды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
Оқыс оқиға 24 қазанда болған.
""Жыланды" кенішінің конвейерлік учаскесінің бастығы апаттық жөндеуге 6 қызметкерден тұратын бригадаға жазбаша нұсқау берген еді. Конвейердің роликтерін тексеру кезінде жұмысшылар "Стакермен" бірге кен үйіндісіне құлады", - делінген компания хабарламасында.
Алты қызметкер де Жезқазған қаласының медициналық орталығына жіберілді.
"Бүгінгі таңда 2 қызметкер травматология бөлімінде жатыр. Қызметкерлердің жағдайы қанағаттанарлық, ауыр. Төрт қызметкер тұрғылықты жері бойынша амбулаторлық емделуге жіберіледі", - деп хабарлады компания.
Оқиғаның себебі анықталып жатыр.