Көлгінов пен Байбек тергеліп жатқан жоқ па – бас прокурордың орынбасары жауап берді

Журналистер бас прокурордың орынбасарынан Алтай Көлгінов пен Бауыржан Байбекке қатысты қылмыстық істің бар-жоғын сұрады
Sputnik
АСТАНА, 26 қазан – Sputnik. Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Астана мен Алматының экс-әкімдеріне қатысты қандай да бір қылмыстық іс қозғалмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін сенат отырысынан кейін журналистер бас прокурордың орынбасарынан Алтай Көлгінов пен Бауыржан Байбекке қатысты қылмыстық істің бар-жоғын сұрады. Шындалиевтің айтуынша, ондай тергеу тіркелмеген.
"Астананың экс-әкіміне қатысты қандай бір тексеріс немесе сотқа дейінгі тергеу туралы менде ешқандай ақпарат жоқ", - деді Шындалиев.
Ал тілшілер: "Сонда ешқандай қылмыстық іс жоқ қой?", - деп тағы нақтылап сұрады. Оған бас прокурордың орынбасары "Менде ондай ақпарат жоқ" деген қысқа ғана жауап қайырды.
"Байбек бойынша да қандай бір тексеріс немесе сотқа дейінгі тергеу шаралары туралы ақпарат түспеді. Қайда жүргенін де білмеймін", - деп түйіндеді бас прокурордың орынбасары.