Саясат

Келесі аптада Қазақстанға бірнеше елдің президенті келеді

1 қарашада Қазақстанға Франция президенті Эмманюэль Макрон келеді
Sputnik
АСТАНА, 26 қазан – Sputnik. Ақорда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың келесі аптадағы жұмыс жоспарын жариялады.
Биылғы 1 қарашада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Франция президенті Эмманюэль Макрон Қазақстанға ресми сапармен келеді.
"Сапар аясында екі ел басшылары сауда-экономикалық, инвестициялық және энергетикалық ынтымақтастықты нығайту мәселелері жөнінде келіссөз жүргізеді. Сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелерді талқылайды", - делінген хабарламада.
Ал 2 қарашада Астана қаласына Мажарстан премьер-министрі Виктор Орбан ресми сапар жасайды. Сапар барысында тараптар Қазақстан мен Мажарстанның сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастығын одан әрі кеңейтуге қатысты келісөз жүргізеді деп жоспарланып отыр.
Сондай-ақ 3 қарашада елордада Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық Х саммиті өтеді.
Жиынға Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер – Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан президенттері, сондай-ақ ТМҰ-ға бақылаушы мемлекеттер – Мажарстан мен Түрікменстан басшылары қатысады.
Франция президенті Макрон Қазақстанға келеді