ЕАЭО интеграциялық процестерінің міндеттері мен бағыттары талқыланады

Бейнекөпір бүгін Бішкекте үкімет басшыларының қатысуымен өтетін Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысының қорытындысы бойынша ұйымдастырылады
Sputnik
АСТАНА, 26 қазан – Sputnik. "Sputnik Қазақстан" мультимедиялық баспасөз орталығында Бішкекте үкімет басшыларының қатысуымен өтетін Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысының қорытындысы бойынша бүгін сағат 19.00-де Мәскеу – Астана – Бішкек – Ереван – Минск – Ташкент бейнекөпірі өтеді.
Спикер – Еуразиялық экономикалық комиссияның ресми өкілі Ия Малкина.
ЕАЭО елдерінің үкімет басшылары 2030 және 2045 жылдарға дейінгі кезеңге интеграциялық процестерді дамытудың қандай міндеттері мен негізгі бағыттарын белгіледі? Газ, мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтары қалай қалыптасады? ЕАЭО-да өнеркәсіптік ынтымақтастық қандай бағыттар бойынша жүзеге асырылуда? Электр энергиясының өзара саудасы ережелері қандай болады? Спикер осы және басқа да сұрақтарға жауап береді.
Өтетін орны: Астана қаласы, "Sputnik Қазақстан" мультимедиялық баспасөз орталығы, Қонаев көшесі, 10, 31-қабат.
Сараптамалық кездесу "Sputnik Қазақстан" сайты мен сайттың Вконтакте әлеутеттік желісіндегі парақшасында 26 қазанда, Астана уақытымен сағат 19:00-де тікелей эфирде көрсетіледі.
Құрметті журналистер, іс-шараға аккредиттеу мәселесі бойынша мына байланыс арналары арқылы хабарласуға болады: ұялы телефон: + 7 707 854 4162 немесе e-mail: a.manabaev@sputniknews.com